Сыбайлас жемқорлық – қылмыс

Қоғамда түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде «corruptio» деген латын сөзін алып анықтауға болады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарына негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену, ысырап ету, сарапшының жалған қорытындысы, жалған жауап беру, лауазымды адамдардың сот үкімін орындамауы және осы іспетті қылмыстардың барлығы сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттік саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс, және де ол қылмыс. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір жолы ол халық арасын да құқықтық сауатсыздықты жоя отырып құқықтарын түсіндіру жұмыстарының деңгейін арттыру. Біз, қарапайым халық өз құқымызды және сол құқымыз тапталған кезде қандай шара, іс-әрекет жасау керектігін толықтай білген кезде мүмкін арамызда шарпып кеткен «жемқорлық» атты жауызды түбегейлі жеңбесек те азайтуға септігіміз тиер ме еді.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекетімізді ішінен жойып құртатын, тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерін жоққа шығаратын, қауіпсіздігімізге қатер әкілетін қылмыс-зұлымдық. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының тұрғындарының күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың амалдарын қолдану қазақ халқының, Отанымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы азаматтық борышы деп білу керек.

Айгүл НУРГАЛИЕВА,

Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.