Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық терминдік сөз тіркесінің кейінгі кездері қоғамымызда өкінішке орай белең алып, жиі көрініс бере бастағаны баршамызға  аян. Оған себеп боларлықтай да көтеген факторлар бар. Көкірегі ояу, көзі ашық әр азамат бүгінде сыбайлас жемқорлық жайында бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, ғаламтордан да біле алады. Сыбайлас жемқорлық елдің дамуына үлкен қауіп төндіретін кері факторлардың бірі. Әлем бойынша барша дамыған және дамушы елдер де сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіп келеді. 

Жалпы жемқорлық жайында ақпарат көздерінде әртүрлі анықтама берілген, солардың бірі: «жемқорлық – осы заманның кеселді үлкен дерті» делінген.  Жемқорлық  туралы құранда айтылғандығы діні мұсылман бараша қазаққа белгілі. Пара алу, пара беру, т.б. үшін қандай жазаға тартылатыны туралы шариғатта анық жазылған. Өзінің қара басының қамы үшін халықтың небісіне ұрлана қол созғандарға бүгінде заң жүзінде жазаның ең ауыры тағайындалғаны жөн.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу үшін мемлекет өз алдына көптеген заңдар мен іс-шаралар қолға алынуда. Бүгінде мемлекет пен халық арасында тығыз байланыс жасайтын мемлекеттік билік органдары оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге міндетті ар-намыс кодексі, сыбайлас жемқорлық туралы заң жобалары қабылданды. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары да сыбайлас жемқорлыққа байланысты мағлұматтармен қалың әлеуметті хабардар етуде. Алайда бұл айтылғандармен істің орайы толығымен шешілмесі анық. Сондықтан ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың яғни, мүлдем болдырмаудың амалын іздестіру керек. Ол үшін еліміздің әр азаматтында еліне, жеріне деген адал махаббатын, Отан алдындағы борышын, перзенттік парызын, патриоттық сезімін ояту керек. Сонда әр азамат елінің дамуына аянбай еткен адал еңбегімен өз үлесін қосары анық.

Самал ТУСИПОВА,

Қаражал қалалық

қазынашылық 

басқармасының басшысы.