Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында жасанды интеллект (AI) пен цифрлық технологияларды бүкіл экономикаға енгізу қажеттігі ерекше аталды. Бұл – уақыт талабына сай стратегиялық шешім.
Жаңа министрліктің құрылуы еліміздің жаһандық технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, цифрлық трансформацияны жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Цифрлық даму тек ІТ саласына ғана емес, ауыл шаруашылығы, өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау сияқты негізгі секторларға да тың серпін бермек.
Жасанды интеллектті енгізу еңбек өнімділігін арттырып, адами факторға тәуелділікті азайтады, сонымен қатар шешім қабылдау сапасын жақсартады.
Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру мақсатын алға қойды. Бұл үшін саяси ерік, кәсіби кадрлар және заманауи технологиялық инфрақұрылым қажет екені атап өтілді.
Президенттің бастамасы – елімізді жаңа даму сатысына шығаратын маңызды бетбұрыс.
Айнұр ЕЛІКБАЕВА,
Жәйрем кенті әкім аппаратының ұйымдастыру мәселелері, құжаттамамен қамтамасыз ету және әлеуметтік сала бойынша бөлім басшысы