Ұстаз – мәңгілік мамандық иесі

Қазан айының алғашқы жексенбісі – барша мұғалімдер қауымы үшін аса қадірлі күн. Бұл күні шәкірт жүрегінен шыққан алғыс пен ризашылық ардақты ұстаздарға арналатыны белгілі. Ұрпақ тәрбиесі мен білім жолында қажымай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсету – ұлт болашағына деген сенімнің белгісі.

2025 жылдың 15 тамызында өткен дәстүрлі тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады» – деп атап өткен еді. Мемлекет басшысының бұл сөзі – ұлы мамандық иелеріне деген ең жоғары баға.

Осыған сәйкес, өткен бейсенбіде Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік!» атты мерекелік салтанат өтті.

Шара барысында ұстаздардың еңбегі еленіп, оларға алғыс пен құрмет көрсетілді.

Алғашқы сөзді Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Аманқазы Наукенов арнап, ұстаздардың адамзат өркениетінің іргетасын қалаудағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде білім саласының ардагерлері мен жас буын мұғалімдеріне зор шығармашылық табыс тілеп, бірқатар ұстаздарға Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Солардың ішінде № 30 жалпы білім беретін мектебінің директоры Жанар Жиенбаева, № 5 бастауыш мектебінің меңгерушісі Бақтыбала Байзақова, «Балалар өнер мектебінің» бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы Балдырған Дюсекеева бар. Сондай-ақ, Ұлытау облысы білім басқармасының Алғыс хатымен фортепиано сыныбының мұғалімі Жанар Орынбаева, «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Гүлзада Нахипова, № 30 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дана Абильдина, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскері Толкын Абишева марапатталды.

Қаражал қаласы әкімінің Құрмет грамоталары да ұстаздар қауымының мерейін өсірді. Марапат иелері қатарында № 1 Тірек мектебі ресурстық орталығының бастауыш сынып мұғалімі Әсем Досмағанбетова, № 3 ЖББМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Елена Ким, № 6 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Нұрсұлу Сарсенбаева, № 7 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Карибаева, № 11 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Маргарита Далабаева, № 30 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахыткүл Абдикаримова бар.

Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов та сахна төріне көтеріліп, ұстаздарға алғысын білдіріп, өзінің Алғыс хаттарын табыс етті. Олардың ішінде № 10 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назерке Амантаева, № 11 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Сағыныш Тарашева, № 30 ЖББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманкүл Турабекова, «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Жанна Тусупбаева бар.

«АMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина да ұстаздарды жүрекжарды құттықтап, білім бөлімінің басшысы Гүлбану Раисова мен әдіскер Мадина Рахимованы Алғыс хатпен марапаттады. Қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Маржан Сағындықова да өз кезегінде педагогтарға ақ тілегін білдіріп, бірқатар ұстаздарды марапаттады.

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан ардагер ұстаз Береке Садықова «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, ал Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінің оқытушысы Орал Адамина «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, «Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен № 3 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Кристина Жулай, № 7 ЖББМ математика пәнінің мұғалімі Ольга Рымар, «Балалар өнер мектебінің» хореографы Татьяна Новоковская марапатталды.

Қаражал қаласы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмаз Жакаев өз кезегінде әлеуметтік педагогтар мен психологтарды марапаттады. Атап айтсақ, № 1 Тірек мектебі ресурстық орталығының әлеуметтік педагогы Манара Утемисова, № 3 ЖББМ әлеуметтік педагогы Нұрсұлу Батырбаева, № 7 ЖББМ педагог-психологы Күләш Сексенбаева лайықты марапатқа ие болды.

Салтанатты кештің қорытынды сәтінде Қаражал қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлбану Раисова ұстаздарға жүрекжарды тілегін білдіріп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбектері үшін көптеген мұғалімдерге Мадақтамалар табыс етті.

Марапатталғандар қатарында № 1 Тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Кожантаева, № 3 ЖББМ дефектологы Надежда Фишер, № 5 бастауыш мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Жазира Жакубаева, № 6 ЖББМ информатика пәнінің мұғалімі Маржан Абикенова, № 7 ЖББМ әлеуметтік педагогы Мағжан Айтбек, тарих пәнінің мұғалімі Сағыныш Сейтжаппарова, № 10 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Сандуғаш Жандаулетова, № 11 ЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзал Жаканов, № 30 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балдырған Сембаева, «Балалар өнер мектебінің» домбыра сыныбының мұғалімі Айбек Болат, «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Қарагөз Достаева, «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Жансая Смайлова, «Ажар» жекеменшік бөбекжайының тәрбиешісі Аймарал Аримжа болды.

Әсем кеш ұстаздарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Ән мен жыр, ұлттық өнерге толы мерекелік сәт ұстаздардың мерейін үстем етіп, олардың қоғамдағы орнының қашанда биік екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Ұстаз – мәңгілік мамандық иесі. Ұстаздар – ел ертеңін тәрбиелеп, ұлт болашағын қалыптастыратын шамшырақ.

Құрметті ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Егемен еліміздің өркендеуіне үлес қосып, шәкірттеріңізді асыл армандарға жетелеп, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!

Мөлдір ХАМИТҚЫЗЫ