Снежанна Имашева Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды

Снежанна Имашева ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Снежанна Валерьевна Имашевнаның кандидатурасы ұсынылады. Снежанна Валерьевна екі шақырылым бойы осы комитетте қажырлы әрі сапалы еңбек етті. VII шақырылымда комитеттің хатшысы болып, заң шығару қызметіне дербес үлесін қосты. Референдумның аясында конституциялық заңдарға өзгертулер мен түзетулер енгізу бойынша құрылған жұмыс тобында қажырлы еңбек етті, – деді депутат Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттар Снежанна Имашевнаның кандидатурасын мақұлдау туралы шешім қабылдады.