Аталған шара Дүниежүзілік Көкпар Қауымдастығының Бірінші Вице-Президенті Эркин Абзалов пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев қатысуымен өткізілуде.
Халықаралық тренингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Грузия, Пәкістан мемлекеттерінен 35 төреші қатысады.
Тренинг бағдарламасына көкпар спортының жалпы ережесі, əдіс-тəсілдері, рұқсат етілген және тыйым салынған әдістер бойынша жалпы теориялық сабақтар жүргізіледі. Сондай-ақ, ереже бойынша практикалық сабақтар да енгізілген.
Тренинг-семинардан өткен төрешілер 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында көкпардан төрелік етеді.