Ықтасыны жоқ далада жел үнемі аңқылдап соғып тұрады. Қазақстанның кең байтақ жазығында орналасқан елді мекендердің, соның ішінде Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінің тұрғындарына бұл жақсы таныс. Бұл жерде «Казцинкке» тиесілі, еліміздегі ірі кен байыту комбинаттарының бірі орналасқан. Өкпек жел боз селеулі даланы қуалай соққанда бір бөлек, егер жердің беткі қабатында пайдалы қазбаларды өндіру басталса, ұйтқыған шаңның проблемаға айналары сөзсіз. Жәйрем комбинатында бұл мәселе суармалау көмегімен шешіледі.
Жәйрем кен байыту комбинатының «Казцинктің» құрамына кіргеніне тоғыз жыл болды. Мұнда экологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары мемлекет қарастырған талаптардан да артығымен орындалады. Әлеуметтік жауапты компания өз объектілерінде жұмыс істеу үшін жайлы жағдай жасап, ең әуелі адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші кезекке қойған Осы орайда мүмкін болатын экологиялық технологияларды енгізуге күш салуда.
– Бүгінгі таңда бізде тек Батыс карьері ғана жұмыс істейді. Жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып, біз шаңдануды болдырмауды аса қатты қадағалаймыз, – деп түсіндіреді «Жәйрем КБК» АҚ бас экологы, экология бюросының бастығы Сәкен Сәтпаев. – Біз көптеген сараптаулар жүргіздік, мемлекеттік органдардың тексерістерінен сәтті өттік. Барлығы нормаға сәйкес және бақылауда ұстап отырмыз. Карьерде әр 2,5 сағат сайын арнаулы техниканың көмегімен жолдарды сумен ылғалдап отырады. Су тасығыштар қуатты сорғылармен жарақталып, шатырлы ысырмалармен жабдықталған. Бұрғылап-жару жұмыстары кезінде де суландыру жүргізіледі. Кенжарлар жартылай жарылғыш заттармен, жартылай сумен толтырылады.
Нәтижесінде сыртқа мүлдем тозаң көтерілмейді. Техника үнемі жаңартылып отырылады, карьерде кесте бойынша тоқтаусыз суландыру жүргізу үшін оның техникалық жайы күнделікті тексерістен өткізіледі. Ағымдағы жылы тағы да екі автокөлік пен шаңсыздандыруға арналған жабдық сатып алынды. Нәтижесінде санитариялық қорғау аймағының шегінде ШРК жоғарылауы бірде-бір рет тіркелген жоқ. Қоршаған ортаның мониторингін жоспар бойынша үш айда бір рет тәуелсіз мамандандырылған ұйым жүргізеді, – дейді эколог.