Әсері мол әдеби кеш

Қалалық кітапханада кітапсүйер оқырмандардың, оның ішінде, Қаражал тау-кен техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтың «Әпке» туындысы талқыланды.

Тартымды шара барысында кітапханашы Жайнагүл Ұзақова оқырман ықыласына бөленген әдеби туындының мазмұнына қысқаша шолу жасады. «Әпке» драмасынан үзінді көрсетілді.

Қатысушылар шығарманы оқу барысында өздері нақтылай түскісі келген сауалдарын ортаға салып, әдеби талдау жасады. Оның барысында басты кейіпкердің бейнесін ашуға талпыныс бары анық байқалды. Сол арқылы оқырмандардың қабілеттері мен зейіндері аңғарылды.

Қалай десек те, кітаптың жөні бөлек. Ең бастысы, ол ой-санаңды өсіруге негіз қалайды. Жақсыға үйретіп, жаманнан жирентеді.

Мөлдір ОРАЗАЛИНА,

Қаражал қалалық Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасының

оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.