Соңғы жылдары қазыналы өңір – Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде өңірдегі саябақтар да жаңа кейіпке еніп, қалаға сән беруде.
– Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тәуелсіздік саябағының екінші бөлігі жөндеуден өткізілді. Бұл қаламызда абаттандыру жұмыстарының дамып келе жатқанының көрінісі. Абаттандыру жұмыстары алдағы жылдары да өткізілетін болады. Саябақтың жаңа бөлігінде жасалған жөндеу жұмыстарынан кейін тұрғындардың демалуына, серуендеуіне, балалар мен қарттардың жайлы уақыт өткізуіне барлық жағдайлар жасалады. Бұл жұмыстар қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға және қала мәдениетін арттыруға бағытталған, – дейді Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Мамбетов.
Өз тілшімізден.