ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2025 жылғы 11 шілде мен 12 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кешенді әлеуметтік сауалнама жүргізді. Зерттеуге 17 облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан (Астана, Алматы, Шымкент) жасы 18-ден асқан 8000 азамат қатысты.
Сауалнама қорытындыларына сәйкес, қазақстандықтардың 82,4%-ы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіреді.
Жастардың қолдау деңгейі ең жоғары болып отыр: 18–29 жас аралығындағы респонденттердің 90,3%-ы Президент саясатын қолдайды. Одан кейінгі топтар – 30–45 жас аралығындағылар (82,4%), 46–60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқан азаматтар (77,8%).
Сауалнама нәтижелері ауыл тұрғындарының сенім деңгейі қала халқына қарағанда біршама жоғары екенін көрсетті – тиісінше 84,9% және 80,9%. Сонымен қатар, табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу жағдайы айырмашылықтарға әсер етпеген, барлық әлеуметтік топтарда сенім көрсеткіші тұрақты сақтал