СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ: Бір қыз дүкенге келіп, ваза сындырып алды. Ол ваза үшін ақы төлеуге тиісті ме?⠀

ЖАУАП: Барлығы да мұның қалай болуының мән-жайына байланысты. Осылайша, мысалы, ҚР Азаматтық Кодексінің 190-бабының 1-тармағына сәйкес өткізілетін тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.

Яғни сіз сауда залында болған және тауарды сатып алып үлгермеген кезде сөрелерде, стеллаждарда орналастырылған тауардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік дүкенге жүктеледі.⠀

Алайда ҚР Азаматтық Кодексінің 917-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, зиян келтіруші оны өтеуден босатылады.⠀

Осылайша, сіз тауардың сіздің кінәңізден сынбағанын дәлдеген жағдайда ғана оны төлеу жауапкершілігінен босатыласыз. Мысалы, сіз дымқыл еденге тайып кеттіңіз немесе тауар тым жақын тұрғандықтан оған сөмкеңіз кездейсоқ тиіп кетті.⠀

Егер сіз вазаны қолыңызға алсаңыз және ол қолыңыздан тайып кетсе, бұл сіздің тарапыңыздан болған абайсыздық болып есептеледі.

Егер сіз өзіңізді кінәлі деп есептемейтін болсаңыз, онда дүкен бүлінген тауардың ақысын төлеуге тек сот арқылы ғана қол жеткізе алады.

Әкімшіліктен тауардың бүлінуі туралы актіні құруды талап етіңіз, стеллаждардың орналасуын және қауіпті орналастырылған өнімдерді фотоға түсіріңіз, куәгерлерді тартыңыз.

Бұл сотта өзіңіздің әділдігіңізді дәлелдеуге көмектесуі мүмкін.