Жетісу облысындағы Рудничный ауылында жаңа мектептің салынуы халық санының қарқынды өсуіне байланысты туындаған оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешеді. 200 орынға есептелген білім ошағының кабинеттері ауыл мектебінде сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін заманауи құралдармен жабдықталады.
«Бүгінде Қазақстан халқының 40%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ауылымызда жаңа мектеп салу туралы жаңалықты естіп қуанып жатырмыз. Мұнда 1024 адам тұрып жатыр, оның 142-сі – мектеп жасындағы балалар. Білім ошағында 40 мұғалім еңбек етеді. Мектебіміз 1970 жылы салынған. Содан бері ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілмеген. Демография көрсеткішіне байланысты жаңа мектеп салу – дер кезінде қолға алынған шара», — деп атап өтті Рудничный ауылы орта мектебінің директоры Әсел Болатқызы.