Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қаражал қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері Қаражал қаласының аумағында орналасқан саяжай учаскелерінде өрт шығу қауіпін азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Аталған іс-шара барысында саяжай учаскелерінің иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық өткізіп, жадынамалар таратылды.
Құрметті Қаражал қаласының тұрғындары мен саяжай тұрғындары!
Өрт қауіпсіздігі – бәріміз үшін маңызды! Қоқысты өртеу тек табиғатқа емес, қауіпсіздігімізге де зиян келтіреді.
Қалдықтарды арнайы жою орындарына апаруды ұмытпайық. Бұл арқылы қала тазалығын сақтап, өрттің алдын аламыз.
Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қала аумағында рейдтік жұмыстар өткізеді. Осыған сәйкес қоқысты өртеу фактісі бойынша құқық бұзушылық анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 336 бабына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салатындығын ескертеміз.
Қоқыстарды өртемей, қауіпсіздікті сақтайық!
Ануар ЕРҒАЗИЕВ,
Қаражал қаласы ТЖБ бас маманы.