Биыл – адамзат тарихындағы ең қасіретті, ең қатерлі соғыстардың бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл күн – тек күнтізбеде белгіленген дата емес. Бұл – жүректерге жазылған, ұрпақтың жадында мәңгі сақталатын қасиетті күн.
1941–1945 жылдары халқымыз ұлт ретінде жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Бірақ ата-бабаларымыз ұлттың тағдыры сынға түскен сол сәтте, жанын шүберекке түйіп, ұрпақ үшін, болашақ үшін майданға аттанды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Ал тылда қалғандар – күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, майданға оқ-дәрі, азық, киім дайындап, жанкешті еңбек етті.
Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды. Олардың жартысынан көбі елге оралған жоқ. Мыңдаған қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Панфиловшылар, Момышұлы, Қайырғали Смағұлов, Әлия, Мәншүк, Хиуаз – бұл есімдер ел есінде мәңгі сақталады.
80 жыл өтсе де, ерлік ұмытылмайды. Біз сол батыр бабалардың арқасында бүгін бейбіт күн кешіп отырмыз. Олардың жеңісі – біздің азаттығымыздың бастауы.
Жәйрем кенті мәдени-сауықорталығының
директоры А.Е.Иманбекова.