Құрметті жерлестер! Қымбатты Жәйрем кенті тұрғындары!

Жәйрем кентінің 50 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Құрылғанына ширек ғасыр толған кенттің тарихы – тереңде.

Жәйрем кентінің құрылуы Жәйрем кен байыту комбинатының ашылуымен тығыз байланысты. Жәйрем – Қазақстан Республикасы бойынша марганец, барит және қорғасын концентратын өндіретін және экспорттайтын алтын орда. Кенді өңірдің байлығын барша әлемге әйгілі. Ел экономикасының табысты қайнары да Жәйрем жерінің байлығымен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда бұл кәсіпорын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып, барлық әлеуметтік нысандардың қарқынды жұмыс жасауы үшін қыруар қаржы құйып, халықтың жағдайын жақсартуға зор үлес қосуда.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен іске қосылған жаңа полиметалл байыту фабрикасының пайдалануға берілуімен кент тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, кенттің одан әрі дамуына үлкен серпін берді.

Елу жылдық тарихы бар кентте бүгінгі таңда заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді, көшелер, спорт алаңшалары, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар қайта қалпына келтірілуде. Кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін кент тұрғындарына шексіз алғыс білдіреміз.

Жәйрем кентінің 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық және туған жерді көркейту жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат хатшысы.