Құрметті жерлестер!  

Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бір шаңырақ астында өмір сүре отырып, біз бірлік, бауырластық, толеранттылық және қоғамдағы тұрақтылықтың символы — Наурыз мейрамын бірге қарсы аламыз. Біз үшін бұл мереке біріктіруші күшке, көктемгі жаңару мен құнарлылықтың, бірлік пен достықтың бүкілхалықтық салтанатына айналды. Наурыз  мейрамы ежелден адамдарды жақындастырып, олардың жан дүниесінде бейбітшілікке, жақсылық пен өзара көмекке деген ұмтылысты оятты. Бұл күні өкпе-ренішті кешіріп, айналаға қуаныш пен мейірімділік сыйлау қалыптасқан.

Бүгінде Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарысқа тиімді қарсы тұруда және бұл жерде ертеңгі күнге сеніммен қарайтын әрбір азаматтың еңбегі бар. Қиын кезеңдерде біздің басты құндылықтарымыз — бірлік пен тұрақтылық барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы қиындықтарды еңсеруде үлкен күш екендігін әрбір азамат білетіні анық.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Аспанымызды арайына бөлеп, жерімізге шапағатын шашатын Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа жақсылық пен бейбітшілік, ырыс пен ынтымақ, денсаулық пен өзара түсіністік әкелсін.

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі.