Құрметті жерлестер!

2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.
Мемлекет басшысы: «1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс» – деді.
Декларацияның айрықша рөлі – Қазақстанның алғаш рет өзіндік дүниетанымы, салтдәстүрлері, сондай-ақ, болашақты пайымдауы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялануы.
2009 жылға дейін Ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықтың қатысуымен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің ең басты Ұлттық мерекесі болып қайта оралды.
Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту – бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ.
Қымбатты аймақ тұрғындары!
Сіздерді ұлттың ұлы мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық және еңбекте табыс тілейміз.

Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.