Сіздерді əлемнің барша мұсылмандарының ұлық мейрамы – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт – адамдардың бір-біріне өзара мейірімді, қайырымды болуын насихаттайтын, ізгілік пен имандылыққа үндейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтарды жақындастыратын қасиетті мейрам.
Қасиетті мейрам дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде.
Қадірменді мұсылман бауырлар!
Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін!
Баршамызға шапағат нұрын жаудырып, бүкіл ел болып бастаған игі істеріміздің жемісін көруге жазсын!
Болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының əкімі
Зəмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мəслихат хатшысы