Құрметті жерлестер!

 

Бүгін біз ел болып басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері күнін атап өтеміз. Нағыз патриот үшін Ту, Елтаңба, Əнұран – тек қана рəміздер емес, бұл туған үйдің бейнесі. Əрбір азамат өз елінің патриоты бола отырып, мемлекеттік рəміздерге құрметпен қарауға міндетті. Халықаралық ресми рəсімдер мен спорттық жарыстарда Отанымыздың көк туы көтеріліп, Əнұран естілгенде жүрегімізді патриоттық рух кернейді. Осындай сəттерде əрқайсымыз ортасында алтын түсті күн мен қыран құс бейнеленген Туымызға,ортақ үйіміздің символы – шаңырақ бейнеленген Елтаңбаға, сондай-ақ, Əнұранға деген шексіз құрмет пен мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бүгінде Қазақстанның көк байрағы астында біздің азаматтар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мəдени жəне спорт саласында биік жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бүгін біз өркениетті Қазақстанның іргесін қалауға өз қызмет саласында күнделікті еңбек етіп, білімімен, жоғары жетістіктерімен үлес қосып жүрген адамдарға алғысымызды білдіреміз! Бұл нағыз қазақстандық патриотизм! Сіздерді еліміздің Мемлекеттік рəміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекетіміздің туы əрқашан жоғарыда желбіреп, тəуелсіздігіміз баянды болсын!

Тілектес ДОСАЕВ,

 Қаражал қаласының əкімі.

 Зəмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мəслихат хатшысы.