Баршаңызды мұсылман жамағатының ұлық мерекесі, он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз!
Ораза жан мен тәнді рухани тазартатын, адамзат баласын сабырлылыққа бастайтын тәрбие мектебі.
Рамазан айы адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырып, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.
Береке-бірлігі жарасқан аймақ тұрғындарының қасиетті Рамазан айын құрметпен қарсы алып, лайықты өткізуіне тілектеспіз. Адам баласының тәубесі мен тәуекелі қабыл болатын осынау қасиетті айда ізгі амалдарыңыз бен сауапты істеріңіз молайып, келесі Рамазан айына амандықпен жетулеріңізге тілектеспіз. Ораза қабыл болсын!
Айқын Елеусізов,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл Оспанова,
қалалық мәслихат
төрағасы.