Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мейрам – тек қана мұсылмандарды емес, барша ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани мереке. Осы қасиетті күндері мұсылмандар құрбандық шалып, бір-бірлеріне үлестіріп, баршаға жақсы тілектер айтады. Ынтымақ пен ырыздықты, мейірім мен шүкіршілікті арттыратын берекелі мереке – Құрбан айт адамдардың жылы қарым-қатынас жасауына, түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің өзара етене араласуына кең жол ашады. Бұл мейрам көпшілікке жәрдемдесу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты адами құндылықтардың артуына үлес қосады.
Аймақ халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман қауымы тәуелсіз еліміздегі ауызбіршілік пен татулықтың нығая түсуіне айтарлықтай өз үлесін қосып келеді. Өңіріміздегі түрлі сенім өкілдерінің өзара ынтымақтастығы баршаға үлгі. Еліміз өзінің рухани құндылықтарын сақтап, сарқылмас ерік-жігерін арттыра отырып, одан әрі жаңару мен дамудың жолына кемел қадам баса береді деп кәміл сенеміз.
Құрбан айт мерекесіндегі тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілейміз!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
 қалалық мәслихат
төрағасы.