Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Конституция – еліміздің дамуының жүйелі негіздерін айқындаған құжат. Онда бостандық, бірлік, экономикалық әл-ауқат, таңдау құқығы, еңбек құқығы, дін құқығы сияқты салауатты және табысты қоғамның негізгі құндылықтары қамтылған.

Осындай маңызды құжаттың арқасында біз қысқа мерзімде өмірлік тарихи маңызы зор өзгерістер жасадық, тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінен бейбіт түрде өтіп, құқықтық және демократиялық қоғамның негізін қаладық.

Негізгі Заңның ережелеріне сүйене отырып, біз қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, жеке тұлғаның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, әр адамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге тырысамыз.

Біз ең батыл бастамаларды жүзеге асыра алатын үлкен әлеуетке иеміз. Сондықтан біздің ортақ парызымыз – негізгі Заңға да ұқыпты қарау, оны Отанымызды, тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

Осы бір шуақты күні аймағымыздың әрбір тұрғынына отбасы амандығын, мықты денсаулық пен ашық аспан тілейміз!

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі.

 Замзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат  төрағасы