Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
31 жыл бұрын – 1992 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойылды. Бұл күн бәріміз үшін басты мерекелердің бірі болды. Еліміздің тәуелсіздігінің мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн.
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері халқымыздың құндылықтарын, оның көп ғасырлық тарихы мен бай дәстүрлерін бойына сіңірген.
Мемлекеттік рәміздер біздің азаматтарымыз бен өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие. Біздің азаматтарымыз еңбекте, ғылым мен мәдениет және спорт салаларында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кезде Қазақстанның көк байрағы желбіреп, еліміздің Гимні шырқалады.
Бүгінгі таңда біздің жерлестеріміз түрлі әлемдік додаларда басты мемлекеттік рәміздерімізді зор абыроймен паш етіп келеді, Ұлы даланың тарихы мен жетістіктеріне қатыстылығын мақтан тұтады.
Нағыз патриот үшін Ту, Елтаңба, Гимн – бұл жай ғана рәміздер емес, бұл туған жердің символы, егемен еліміздің бейнесі.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің беделі бүкіл әлемде өсіп, нығая берсін. Олардың ұлылығы – біздің күнделікті жасампаз еңбегімізде, экономиканың өсуінде және тұрақтылық пен келісімді сақтауда.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік тілейміз. Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін, Тәуелсіздік туы биіктен желбіресін!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.