Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін бұл аса маңызды мерекелердің бірі. Бейбітшілік пен келісім жылдар бойы еліміздің өсіп-өркендеуінің мызғымас қазығына айналды.

Бүгінде әрбір азамат этностық немесе діни қатыстылығына қарамастан, Конституция кепілдік беретін өзінің азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдаланады. Елде этностық өзіндік ерекшелікті, мәдениетті, тілді, дәстүрді дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Тек бірге, бейбітшілік пен келісімде ғана біз мықты, бай, рухани және дені сау халық бола аламыз. Біз, ел болып тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанның биік жетістіктеріне куә болып келеміз. Бүгінде мемлекетіміздің әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарайды және өзінің Қазақстан азаматы екенін мақтан тұтады.

Қаламыз облыстағы көпұлтты аймақтардың бірі болып табылады. Жылдар бойы біздің тағдырымыз бір арнада тоғысып, біртұтас ел бола білдік. Осының арқасында қиындықтардан өтіп, жетістіктерге жеттік.
Қадірлі аймақ тұрғындары!
Көктемнің осынау шуақты күнінде сіздерге мерекелік көңіл-күй, денсаулық пен табыс және ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасына өркендеу тілейміз!

Қазақстан халқының достығы нығая берсін!

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат төрағасы.