Құрметті құтқарушылар мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер — ел тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген нағыз батырларсыздар. Апат айтып келмейді, ал сіздер қандай жағдай болмасын, халықтың жанынан табылып, өмір мен денсаулықты қорғап, қауіп-қатердің ортасында жүресіздер. Осындай асқақ әрі абыройлы қызмет үшін сіздерге ерекше алғыс білдіреміз.

Қазіргі қоғамда құтқарушы мамандығының маңызы күн санап артып келеді. Сіздердің табандылықтарыңыз, жоғары дайындықтарыңыз бен адам өміріне деген жауапкершіліктеріңіз — жастарға үлгі, барша халыққа сенім.

Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, бейбіт күн мен қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз. Ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым еленіп, халықтың алғысына бөлене беріңіздер!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат төрағасы.