Құрылысшылар күні – кәсіби мерекелер ішіндегі маңыздысы, әрі құрметтісі.
Бұл мереке – сәулетшіліктің абыройлы мақсатын орындап жүрген көптеген кәсіп иелеріне қатысты мейрам. Бүгінгі таңдағы заманауи құрылысқа аса қажетті мамандықтар – сәулетшілер, дизайнерлер, прорабтар, тас қалаушылар барлығын тізіп айту мүмкін емес.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды мүлтіксіз орындауда бұл саланың маңызы өте зор. Бұл саладағы тиімділіктер ел дамуы мен адамдардың өмір сүру деңгейін анықтауға ауқымды тұрғыда ықпал етеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктеріне ел құрылысшыларының қосқан үлесі өлшеусіз.
Ойлағандарды іске асыру үшін тек жоғары кәсіби біліктілік пен тынымсыз еңбек қана емес, сонымен қатар, өз істеріңізге шынайы ынта мен ықылас қажет. Осының барлығы қазақстандық құрылысшылардың бойында бар екендігіне нық сенімдіміз.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, тәжірибелеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, өз істеріңізге адал ниеттеріңіз – алдымызға қойылған жоғары міндеттерді шешудің кепілі.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Орталарыңыз бен айналаларыңыз мейірім мен сұлулыққа толып, еңбек ету мен өмір сүруге барынша қолайлылық бола берсін!
Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық және еңбекте табыс тілейміз.
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.