Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мәдениеттің рөлі қоғам үшін қашан да маңызды болған. Ғасырлар мен дәуірлер бір-бірін алмастырса да, ұлттық мәдениет дәстүрлер мен халық шығармашылығында ғана емес, қазіргі өнерде де өмір сүріп, көрініс табуда. Ол Сіздер сияқты – дарынды, рухани бай, өнерге бей-жай қарамайтын және өзінің кәсібіне құштар адамдардың арқасында жалғасады.

Сіздер  күнделікті еңбектеріңізбен қоғамның рухани дамуына, қаламыздың мәдени мұрасын байытуға зор үлес қосып келесіздер. Кітапханалар мен мұражайлардың, мәдениет үйлерінің, мұрағаттардың әрбір қызметкерінің еңбегі жоғары баға мен алғысқа лайық. Мәдениет және өнер саласының өкілдері жасампаз құндылықтарды нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған орасан зор шығармашылық және ағартушылық әлеуетке ие.

Қаражал қаласының мәдениеті жоспарлы және тұрақты түрде дамуда. Бұған қаламыздың талантты өкілдерінің халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдардағы көптеген жеңістері ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдің символына айналған шығармашылық жобалар да дәлел бола алады.

Кәсіби мереке күні сіздерге жемісті және қажырлы еңбектеріңіз үшін, шығармашылық ізденістеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Сіздерге сарқылмас шығармашылық шабыт тілейміз! Отбасыларыңызға және сіздерге мықты денсаулық пен амандық тілейміз!

 Тілектес ДОСАЕВ,                                    

Қаражал қаласының әкімі.      

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат төрағасы.