Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр – бейбітшілік пен бостандықты, еркіндік пен тәуелсіздікті қорғаған ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігін мәңгі есте сақтайтын қасиетті мереке. Бұл күн – әрбір отбасының, әрбір азаматтың жүрегінде терең із қалдырған, тарихтың даңқты беттерінің бірі.

Ұлы Жеңіске еліміздің әр өңірі өзіндік үлес қосқан болса, соның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің орны ерекше. Біздің облыстан майдан даласына 16 мыңнан астам азамат аттанып, оның он мыңға жуығы туған жеріне оралмады.

Біз батырларымыздың есімдерін ешқашан ұмытпаймыз. Әрбір жауынгердің тағдыры – тарихымыздың ажырамас бөлігі. Қан майданда Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің алдында бас иіп, алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты жерлестер!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек өткенді еске алу ғана емес, бұл – бейбітшіліктің, бірліктің және рухани тұтастықтың салтанаты.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Елімізде әрдайым тыныштық пен татулық орнасын!

Құрметпен,

Ұлытау облысының әкімі

Дастан Рыспеков