Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – сан түрлі ұлт пен ұлысқа ортақ тағдыр, ортақ мүдде мен берекелі бірліктің нышаны. Биылғы Бірлік күні – ел бірлігінің басты тірегіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – біздің ел үшін ерекше тарихи мәні бар кезең.
Бүгінде Ұлытау облысында 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүріп, өңір дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Бұл – бірлік пен келісімнің нақты көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі тұрақтылық пен этносаралық татулық.
Ассамблеяның 30 жылдығына орай облысымызда «30 игі іс» атты әлеуметтік бастама жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің белсенділігін арттыру және олардың қоғамдық бастамаларын қолдау мақсатында гранттық қаражаттар да қарастырылып отыр. Бұл – ынтымақ пен достықты нақты іспен қолдаудың айқын көрінісі.
Сіздерге зор денсаулық, әр шаңыраққа амандық, бейбіт өмір мен баянды болашақ тілеймін. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.