Құрметті жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
9 мамыр күні – біз үшін жай ғана атаулы күн ғана емес, бұл – өшпес ерлік пен қайсар рухтың мерекесі. Сұрапыл соғыс жылдарында қаза болғандар мен елге аман оралған батырларымызға, тыл ардагерлеріне басымызды иіп, тағзым ете отырып, біз ешкімнің де, ештеңенің де ұмытылмайтындығына, Отан үшін от кешкен ерлеріміздің ерлігінің де, еңбегінің де ұрпақтар жадында мәңгі сақталатындығына сендіреміз.
Бүгінгі ұрпақ аға буын – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері, сіздерге ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін әрдайым ризашылық білдіреміз.
Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мол денсаулық, ұзақ өмір мен ырыс-береке, жақындарыңыздың жылуы мен қамқорлығын тілейміз!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.