Тамаша дәстүр бойынша қазан айының алғашқы жексенбісінде біз мұғалім мамандығын таңдаған аяулы жандарға терең алғысымызды білдіреміз.
Әрқайсымыздың өмірімізде өзінің даналығымен, рухани байлығымен, терең білімімен өзіңнің ішкі әлеміңді тануға, оны байытуға, болашақта өмір сүруге үйрететін есімі үлкен әріппен жазылған өз Ұстазымыз бар.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыруда қазақстандық ұстаздардың еңбегі орасан зор.
Бүгінгі таңда білім беру саласының алдына жаңа заман талабына сай, жауапты міндеттер қойылып отыр. Атап айтқанда, білім берудің жаңа жүйесіне көшу, балалардың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдай туғызу, үзіліссіз білім алуды қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу. Сондықтан, қазіргі таңда балаларды өзіндік ойлауға, шешім қабылдауға және өз таңдауына жауапкершілік алуға үйретудің маңызы зор.
Біздің аймақ мектептерінде өз мамандығына берілген, балаларды шексіз сүйетін, жанашыр тұлғалар қызмет етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде аймақ оқушылары мықты білім мен тәлімді тәрбие алып, олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Келешекте де отандық білім берудің беделін нығайта береді деген сенімдеміз.
Осынау мереке күні педагогика саласының ардагерлеріне шынайы алғыс білдіреміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар және зерделі де, дарынды шәкірттер тілейміз.
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.