Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз, оқиғаларды объективті түрде көрсетуге деген ұмтылыстарыңыз, аудиторияңызды құрметтеу және ұстанымдарыңыз азаматтық қоғамды дамытудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Сіздердің елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформаларды белсенді қолдауларыңыз, жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз, жалпықазақстандық бірегейлікті нығайтуға, мәдениет, тіл, дәстүр құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлестеріңіз қоғамға оң әсерін тигізеді.

Сіздердің материалдарыңызда қаланың, аймақтың, елдің тарихы жазылған. Адами және кәсіби сенімділік – әрқашан біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне тән журналистік қызметтегі басты өлшемдер.

Осы айтулы күні Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, амандық, шығармашылық ұзақ өмір және үлкен кәсіби табыс тілейміз!

Ақжол ҚҰРМАНСЕЙІТ,

 Қаражал қаласы әкімінің м.а.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық Мәслихат төрағасы.