Сіздерді қаламыздың 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Бұл әрқайсымыз үшін мәні мен сәні өте зор, ерекше қала. Қаламыз ерекше деп бекер айтылмаған – салыстырмалы жастығына қарамастан, оның бай тарихы мен дәстүрлері, жетістіктері бар.
Жергілікті халықтың дамуы мен ойлаған мақсаттарын жүзеге асыру үшін біздің қаламызда білім беру, мәдениет, медицина, спорт, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында барлық жағдайлар жасалған.
Қасиетті Қаражалымызға біздің жерлестеріміз бен қонақтарымыз үлкен сүйіспеншілікпен және құрметпен қарайды.
Бұл біздің қаламыздың Құрметті азаматтарының, білім, медицина, өнеркәсіп, құқық қорғау органдары және басқа да көптеген салалар басшылығы мен ұжымдарының үлкен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Қаражал өзінің әлеуметтік және экономикалық дамуын жалғастыруда және біз оның одан әрі өркендеуі үшін көп күш салуға дайынбыз.
Қымбатты жерлестер! Өмірлеріңіз рухани жылулыққа, жарық пен мейірімділікке толы болсын! Әрбір қаражалдықтарға шын жүректен зор денсаулық, қуаныш, оптимизм, амандық және табыс тілейміз.
Мерейтой құтты болсын, құтты мекен — Қаражал!
Зор құрметпен: «AMANAT» партиясы Ұлытау облысының
Қаражал қалалық филиалының ұжымы.