Аз уақыттың ішінде біз Жаңа 2023 жылды қарсы аламыз. Аз уақыттың ішінде біз Жаңа 2023 жылды қарсы аламыз. 2022 жыл қиындықсыз болмады, алайда ЖКБК барлық ұжымы үшін табысты және жауапты жұмысымен есте қалатыны сөзсіз. Әрқайсымыздың сағына мақтанышпен еске алар сәттеріміз баршылық.
Біз Жаңа 2023 жылы Жәйрем кенші Ұлытау облысы елдімекендерінің ішінде даму көрсеткіші жағынан алдыңғы қатарда болады деп сенеміз.
Бүгінде бізге өзімізге деген сенімді жоғалтпай, қиындықтарға мойымай, бірлігімізді сақтауымыз маңызды, себебі бұл жарқын болашағымыздың негізі болып табылады. Комбинаттың әр жұмыскеріне табандылығы, адалдығы және әрқашан көмек қолын созатын ниеті үшін алғыс айтқымыз келеді.
Барлықтарыңызға Жаңа жылда жақсылық, молшылық, тыныштық пен ертеңгі күнге деген сенімділік тілейміз. Арман-тілектеріңіз орындалып, шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын!
Құрметпен, «ЖКБК» АҚ Басқарма төрағасы Арман АЛИЕВ.
«Жәйрем КБК» БКҰ төрағасы Мүбәрак КӘРІБАЕВ.