Құрметті Қаражал қаласының тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан 2025 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жыл біздің ұжым үшін жаңа мүмкіндіктердің, жетістіктердің және ертеңгі күнге деген сенімділіктің жылы болсын!

Өтіп бара жатқан жыл ерекше жетістіктер мен бірлескен күш-жігерге толы жыл болды. Сол үшін әрқайсыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің әсем өңіріміздің дамуына қосқан әрқайсыңыздың үлестеріңіз баға жетпес. Алдағы жылы бұдан да көп мүмкіндіктер мен табыстарға қол жеткіземіз деп сенемін. Сіздердің кәсібиліктеріңізге, еңбекқорлықтарыңызға және істеріңізге деген адалдықтарыңызға алғысымды білдіремін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Қоғамымызда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтары әрдайым бірінші орында болуы керек. Дәл осы өз ісінің мамандары жаңа ұлттық сапаны қалыптастырады» деп атап өткендей, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл – біздің кәсіпорынның саясатының басты бағыты.

Келе жатқан Жаңа жыл сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, амандық және болашаққа деген сенім әкелсін. Барлық жоспарларыңыз бен армандарыңыз орындалып, жүректеріңізде жылулық, қуаныш пен үйлесім орнасын.

Жаңа жылдарыңызбен!

Бұл жыл бәріміз үшін табысты және жемісті болсын!

Құрметпен,

Бақберген САТБЕРГЕНОВ,

«Өркен Атасу» ЖШС «Өркен» Өкілдігінің директоры