Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке — еліміздің тыныштығын күзетіп, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеп жүрген жандарға арналған. Ол ерлік пен отансүйгіштіктің, ел игілігі жолындағы жанқиярлық қызметтің айнымас символы.
Біздің әскер — ұлт мақтанышы, мемлекеттің берік қалқаны. Әскери қызметшілердің батылдығы мен қаһармандығы Тәуелсіз Қазақстанның іргесін бекемдеп, ертеңгі күнге деген нық сенім ұялатады. Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдық ұялаған.
Осынау айтулы мерекеде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген барша әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, сарқылмас қуат және Отан игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз. Шаңырақтарыңызда әрдайым бейбітшілік пен келісім, ал елімізде тұрақтылық пен өркендеу болсын!
Әрбір азаматтың үлесі бізді күшті әрі берік етуде маңызды. Тек бірге болсақ, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығын сақтай аламыз.
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.
