Барлық балаларды 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Қазіргі уақытта білімді жəне білікті маман болу өте маңызды. Білімді адамның алмайтын асуы болмайды. Сондықтан сіздің жасыңызда ең бастысы – жақсы оқу жəне білім алу». Сол үшін де біздер, аға буын сіздерге сапалы білім мен жақсы тəрбие беру үшін барлық жағдайды жасаймыз.
Біздің міндетіміз – туған өлкемізді озық экономикалы аймаққа ғана емес, сонымен қатар балаларды ұлттық дəстүрлер мен мəдениет рухында тəрбиелейтін заманауи білім беретін өңірге айналдыру. Біздің өңірде дарынды балалар өте көп, олар бізді əр түрлі саладағы жетістіктерімен жылдан жылға қуантып келеді. Біз əрқашан балаларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Аймағымыздың абыройын бұдан əрі де асқақтата беріңіздер. Жүрек қалауымен балаларымызға дарындарын дамытуға көмектесетін, эстетикалық талғамды бойларына дарытып, олардың рухани əлемін байытуда үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Жас жерлестер!
Бақытты, мықты, шымыр болып өсіңіздер жəне тəуелсіз еліміздің мақтанышы болыңыздар! Сіздер үшін бейбіт елдің көк аспаны əрдайым ашық болсын, ата-бабаларымыз бастан кешкен қиыншылықтарды көрмей өсіңіздер! Біздің қоғамның лайықты мүшесі болыңыздар!
Жақсы жазғы демалыс тілейміз!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының əкімі
Зəмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мəслихат хатшысы.