Дәстүр бойынша 1 қазанда бүкіләлемдік қауымдастық Халықаралық қарттар күнін атап етеді.
Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президентінің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасау бағытында ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған.
Біз, Сіздерге балаларыңыз бен немерелеріңізге тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендіктеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Ендігі жерде біздің перзенттік парызымыз – тек мерекелерде ғана емес, Сіздерді әр күні қамқорлыққа алып, көмек көрсету. Жыл сайын біз қарттарға арналған әлеуметтік қызмет түрлері мен көмек жолдарын жетілдіруге ерекше маңыз беріп келеміз.
Қымбатты аға буын өкілдері!
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға тұрақтылық және амандық, қоршаған ортадағы адамдардан тек қана жылулық пен ілтипатты сезінулеріңізге тілектеспіз!
Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болғай!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.