26.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӨнер мектебінің ұжымына сайлауалды бағдарлама таныстырылды26.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ресми

ҚҰРМЕТТІ АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫ!

21.03.2025 · 01:35 · admin

Сіздерді баршамызға ортақ, табиғаттың көктемгі жаңару мен жаңғыру нышанына айналған – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік жылдары Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін адам­дардың рухани тазаруына, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға ықпал жасайтын жалпыұлттық сүйікті мерекеге айналды.
Наурыз мейрамы идеясы бүкіл әлемге үйлесім мен өзара түсіністікті, төзімділік пен достықты дәріптейтін халқымыздың бітімгерлік қа­сиетімен ұштасады. Жыл сайын біз ата-бабаларымыздың басты мұ­расы болып табылатын ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтып келеміз.
Бүгінде біздің әрқайсымыз – Қазақстан атты үлкен отбасының азаматтары, Отанымыздың одан әрі дамуына үлес қосуға, оның болашағы үшін жауапкершілік алуға мүмкіндігіміз бар.
Қымбатты жерлестер!
Келіп жеткен ұлық мерекеміз Наурыз мейрамы жақсы бастамалар, таза ойлар мен игі істердің жаршысы болуына тілектеспіз. Егеменді еліміз өркендей берсін. Әрбір отбасында бақыт пен игілік орнап, еңбек еткен әр күндеріңіз табыс пен шабытқа толы болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.