Құрметті  аймақ тұрғындары!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен және мемлекетіміздің қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 30 жыл толуымен құттықтаймыз.
Алғыс айту күні – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бүгінгі күн әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін ризашылығын білдіретін күн.
Биыл 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Қазақстан халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы. Осы уақыт аралығында халық арасындағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды институт ішкі тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, түрлі этностық және мәдени топтар арасындағы татулық пен келісімді сақтап, азаматтық қоғамның саяси кемелдену деңгейін арттырды деуге толық негіз бар.
Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде.
Құрметті жерлестер!
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Мереке қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Бейбіт өміріміздің берекесі мәңгілік болсын, елімізде өмір сүріп жатқан ұлттардың ынтымақ-бірлігі  нығая  берсін!
Айқын Елеусізов,   
Қаражал қаласының әкімі.  
Зәмзагүл  Оспанова,
қалалық мәслихат
                                                                                                       төрағасы.