Қай кезеңде болмасын ел дамуының негізгі тірегі – еңбек адамдары. Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарының маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Құрылыста, өндіріске, энергетика мен көлік саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандар – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен өркендеуінің басты қозғаушысы.
Жұмысшы күші – жаңа технологиялар мен инновацияларды игерудің алғы шебінде. Еліміздің өндіріс ошақтарында еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың табандылығы мен кәсіби шеберлігі – қоғамның дамуы мен халықтың әл-ауқатына қосылған зор үлес.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы бастамалар жүзеге асырылуда.
Өркендеудің өзегі – адал еңбек пен кәсіби біліктілікте. Еңбекке құрмет – елдің болашағына салынған сенімді негіз.
Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы
