Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрбан айт –күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Алла баршамызға зұлхижжа айын мінəжатпен, сауапты игі істермен өткізуді бұйыртсын. Құрбан айт мерекесін берекелі еткей. Осындай асыл мейрамда Алладан рахым, Пайғамбардан шапағат келсін!

Құрбан айт мерекесіне аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!

Барша мұсылман қауымын ұлық мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Айт құтты болсын!

Қасиетті мейрам күндері əр шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын!

Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нəсіп етсін!

Талғат СОВЕТОВ,

Қаражал қалалық мешітінің бас имамы.