Бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпарат алмасу қарқыны артып, интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен, осы мүмкіндіктермен бірге радикалды және экстремистік идеологиялардың таралуы да белең алып келеді. Бұл – қоғамның бірлігіне, елдің ішкі тұрақтылығына және әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін құбылыс.
РАДИКАЛДЫ ИДЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Радикалды идеология – саяси, діни немесе әлеуметтік көзқарастарды күш қолдану, заңсыз әдістер арқылы жүзеге асыруды насихаттайтын және өз пікірін өзгелерге күштеп таңуға ұмтылатын ұстанымдар жиынтығы. Мұндай көзқарастар төзімділік пен өзара түсіністікті жоққа шығарып, қоғамда алауыздық тудырады.
Неліктен ол қауіпті?
-
Бірлікті бұзады – халықты діни, ұлттық немесе әлеуметтік белгілер бойынша бөлу арқылы қоғамда қақтығыс тудырады.
-
Құқық бұзушылыққа жетелейді – заңды белден басып, зорлық-зомбылыққа үндейді.
-
Жастарға әсер етеді – өмірлік тәжірибесі аз, ізденіс үстіндегі жас буын радикалды үгіт-насихатқа тез ілігеді.
ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?
-
Ақпараттық сауаттылықты арттыру – әрбір азамат жалған ақпаратты ажырата білуі тиіс.
-
Отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды нығайту – имандылық, сыйластық, бауырмалдық сынды қасиеттерді дәріптеу.
-
Құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы – күмәнді діни ағымдар мен радикалды топтардың әрекетіне дер кезінде тосқауыл қою.
Радикалды идеологияға қарсы тұру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат бейбітшілік пен татулықты қорғауда өз үлесін қосқанда ғана біз болашағымызды қауіпсіз ете аламыз.
Марғұлан ӘБІЛОВ,
Жәйрем кенті орталық мешітінің бас имамы