«Әр азамат – таза қоғамның тірегі»

Қоғам тазалығы – бұл тек көрініс пен санитарлық талаптарды сақтау ғана емес, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі мен ұлттық мәдениетінің көрінісі. Әрбір тұрғын өз мінез-құлқы мен әрекеті арқылы орта тазалығына үлес қосады, бұл өз кезегінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
«Таза Қазақстан» акциясы азаматтарды өз үйлері мен жалпы ортаға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ынталандырады. Таза орта адамдар арасындағы сенім мен өзара құрметтің, сондай-ақ ұлттық бірліктің нығаюына ықпал етеді.
Әрбір азамат – таза қоғамның тірегі. Олардың ұсақ, бірақ маңызды еңбегі – қалалар мен ауылдардың жайлы, қауіпсіз және мәдени тұрғыдан дамыған ортаға айналуына нақты үлес қосады. Сол себепті қоғам тазалығы мен мәдениетті сақтау – әр адамның азаматтық парызы әрі ұлттық құндылық болып табылады.

Құрмансейітов Жалғасқан Ахатұлы
«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті
ЖШС директоры