Qarmet компаниясы Темір кені департаментінде маңызды өндірістік жетістіктерге қол жеткізді

«Атасу» стратегиялық инвестициялық жобасы аясында «Батыс Қаражал» шахтасында тау-кен жұмыстарының бірінші кезеңі жоспардан төрт ай бұрын аяқталды. Бұл жерасты кенішін дамыту мен темір және темір-марганец кен қорларын игерудің маңызды кезеңі болып отыр.

Кеніште жаңа жоғары өнімді технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, +424 м және +290 м горизонттардың автокөлік еңістері біріктірілді. Бұл өндіріс көлемін 4 есеге арттыруға және өндірістік циклдің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Келесі кезеңде 10 горизонтының қабатын ашу жұмыстары жоспарланған, бұл шамамен 35 млн тонна темір кенін және 5 млн тонна темір-марганец кенін өндіруге дайындық болып табылады.

2026 жылдың көктемінен бастап жаңа байыту фабрикасының құрылысы басталады. Оның іске қосылуы темір кені мен марганецтің толық өндірістік циклін қалыптастырып, өнімнің қосылған құнын арттырады, жаңа жұмыс орындарын ашады және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтады.