«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

Аталған қолдау — облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ.

 

«Qarmet» компаниясы облыс аумағында темір және марганец кенін өндіретін «Өркен» ЖШС арқылы жұмыс істейді. Тараптар қол қойған өзара әріптестік ынтымақтастық аясында компания 2026–2028 жылдары қаладағы бірқатар әлеуметтік нысанды жаңғырту мен инфрақұрылымды дамытуға қаржы бағыттайды.

 

Жоспар бойынша «Балбөбек» балабақшасын күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерге арнайы техника сатып алу және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту көзделген.

 

Компания сонымен қатар өңір жастарын спортқа тартуға бағытталған жобалар мен спорттық бастамаларды қаржыландыруға ниетті.

__

 

АО «Qarmet» выделит 700 миллионов тенге на развитие области Ұлытау

 

Данная поддержка будет осуществлена в рамках меморандума между акиматом области и компанией. Важный документ направлен на развитие социальной инфраструктуры региона. Таким образом, в городе Каражал при поддержке предприятия начнут реализовываться новые социальные инициативы.

 

Компания «Qarmet» ведёт деятельность на территории области через ТОО «Оркен», занимающееся добычей железной и марганцевой руды. В рамках заключённого соглашения о партнёрстве компания в 2026–2028 годах направит средства на модернизацию ряда социальных объектов и развитие городской инфраструктуры.

 

Согласно плану, предусмотрен капитальный ремонт детского сада «Балбобек», приобретение специальной техники для коммунальных служб, а также улучшение условий труда медицинских работников.

 

Компания также намерена финансировать спортивные инициативы и проекты, направленные на привлечение молодежи к занятию спортом.