Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, ел дамуының басым бағыттарын айқындады. Экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік әділеттілік, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту мәселелері негізгі назарда болды. Президент халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және реформаларды жүйелі жүзеге асыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Бұл Жолдау – болашаққа бағытталған нақты жоспарлар мен міндеттердің кешені. Ел игілігі жолындағы барлық бастамаларды бірге жүзеге асырайық!
ОКЖ директоры Т.Ж.Байшукенова