Президент Қ. Тоқаев Жетісу облысындағы Әйтеновтер әулеті туралы атап өтті

Президент Қ. Тоқаев Жетісу облысы халқымен кездесуде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс зауытында еңбек ететін Әйтеновтер әулеті туралы атап өтті.

«Ертең «Мерейлі отбасы» республикалық байқауы өз мәресіне жетеді. Онда бүкіл халыққа өнеге болатын үлгілі отбасылар марапатталады.

Қазақстанда нақты бір салада еңбек етіп, тұтас әулеттің кәсібіне айналдырған отбасылар аз емес. Мен жақында теледидардан Ұлытауда тұратын Әйтеновтер отбасы туралы бағдарлама көрдім. 9 баласы, 36 немересі, 70 шөбересі, 3 шөпшегі бар шаңырақ, шын мәнінде, елге үлгі-өнеге болуға лайық.

Соғыстан кейін мыс қорытатын зауытта еңбек еткен Жақұда марқұмның ұрпақтары әке жолын қуып, осы мамандықты таңдаған. Бұл әулеттің металлургия саласындағы жалпы еңбек өтілі – 442 жыл. Мұны нағыз адал еңбек деуге болады. Қазір шаңырақтың ата кәсібін 10 немересі жалғастырып келеді».