Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзі өңірлік ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетті. Мемлекет басшысы Қытайдың белсенді рөлін ерекше атап өтіп, Си Цзиньпин басқаратын елдің стратегиялық әріптес әрі сенімді серіктес екеніне назар аударды. Бүгінде Орталық Азия өңірі өзара сенім мен түсіністікке негізделген интеграциялық процестердің нақты үлгісіне айналып отыр. Қытаймен орнаған терең әрі көпқырлы қарым-қатынас – аймақ елдерінің тұрақты дамуы мен геосаяси салмағын арттырудың маңызды факторы. Бұл саммит – өзара сенімге негізделген көпжақты әріптестіктің берік платформасы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.