Қаражал каласы мәденисауық орталығында «Ұлытау облысы бойынша құрлық экожүйелерін қорғауды қолдауға бағытталған «TURAQTY DAMU» азаматтық бастамалар кеңселерін құру» тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара мақсаты – Қаражал қаласында ТДМ15 аясында үздік дәлелденген жоба тәжірибесін ілгерілету үшін әлеуметтік әсердің тұрақты моделін құруға бағытталған жүйелі жұмысты ұйымдастыру. Түпкі меже – озық тәжірибелерін тарату және сол арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу
Ізгі ниетті ілгері бастыру үшін Қаражал қаласында қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен қалалық жастар ресурстық орталығының тізе қосуымен қала жұртшылығының пікірі тыңдалған диалог алаңы құрылды. Нәтижесінде бастаманы әрі қарай жандандыру мақсатында «Болашақ – Қаражал» қоғамдық бірлестігі мен «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» екіжақты меморандумға қол қойды.
Сайып келгенде ұсыныстарды жүзеге асыру үшін ТДМ-15 жобасына грант түрінде қаржы бөлінуі тиіс. Бұл қадам осы бағытта Ұлытау облысының барлық әкімшілік аудандарында ұқсас жобаларды талқылап, тиісті әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте «TURAQTY DAMU» кеңсесінің белсенділері биологиялық әртүрлілік, климаттың өзгеруі сияқты басымдықтарды ескере отырып, табиғатты сақтауды қолдауға бағытталған сектор ретінде пилоттық жобаларды орындаушы үкіметтік емес ұйымдарда экожүйелер рөлін күшейтеді.
Жоба аумақтары – Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандары. Оның нәтижелерімен таныстыру үшін орталық мемлекеттік органдардың жетекші өкілдерінің қатысуымен облыстық деңгейде конференция ұйымдастырылады.
Балшырын АМАНТАЙ